«Астана» баскетбол клубы

«Астана» баскетбол клубы

project title

«Астана» баскетбол клубы 2011 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған. 2014 жылы «Астана» алғаш рет еуропалық клубтық жарыстарға – ФИБА шақыру кубогына қатысып, ширек финалға дейінгі «Топ 16» сатысында өнер көрсетті. 2013 жылдан 2016 жылға дейін ВТБ Бірыңғай лигасында тұрақты маусымның қорытындысы бойынша «үздік қазақстандық ойыншы» сыйлығы берілді. Бұл марапатты екі рет Анатолий Колесников пен Антон Пономарев жеңіп алды. Сонымен қатар, Пономарев чемпионат тарихындағы ең нәтижелі қазақстандық ойыншы болып табылады, оның есебінде 741 ұпай бар.

 

Жетістіктер:

  • Қазақстан ұлттық лигасының он бір дүркін чемпионы—2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022, 2022/2023.
  • Қазақстан Кубогының он дүркін иегері— 2011, 2012, 2013, 2014, 2017, 2018, 2019; 2020, 2021, 2022, 2023.
  • Қазақстан ұлттық лигасының күміс жүлдегері-2015/2016;
  • ФИБА-2017 Азия чемпиондары Кубогының қола жүлдегері;
  • Батыс Азия Суперлигасының қола жүлдегері - 2023.

    ВТБ Бірыңғай лигасы:

  • 2011/12 маусым-кіші топта 7 орын;
  • 2012/13 маусымы-кіші топта 5 орын, плей-оффқа шығу;
  • 2013/14 маусымы-кіші топта 5 орын, плей-оффқа шығу;
  • 2014/15 маусым-тұрақты чемпионатта 8 орын, плей-оффқа шығу;
  • 2015/16 маусым-тұрақты чемпионатта 15 орын;
  • 2016/17 маусым-тұрақты чемпионатта 8 орын, плей-оффқа шығу;
  • 2017/18 маусым-тұрақты чемпионатта 10 орын;
  • 2018/19 маусым-тұрақты чемпионатта 6 орын, плей-оффқа шығу;
  • 2019/20 маусымы-тұрақты чемпионатта 9 орын;
  • 2020/21 маусымы-тұрақты чемпионатта 12 орын;
  • 2021/22 маусымы-тұрақты чемпионатта 10 орын;
  • 2022/23 маусымы-тұрақты чемпионатта 11 орын;
  • 2023/24 маусымы-тұрақты чемпионатта 11 орын.
Басшылық:

Аракелян Самсон Геворгович

Бас менеджер

Наурызалы Олжас Таирқызы

Бас директордың орынбасары

Ерғали Рустам Ибрагимұлы

Атқарушы директор