«Астана» 3х3 жабық турнирінде жеңіске жетті

«Астана» баскетбол клубы Алматыда өткен 3х3 жабық турнирде жеті қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті. Топтық кезеңде елордалық команда Tchibo, Legion, Uragan ұжымдарын ұтты. Жартылай финалда DoBro ойыншыларымен кездесті. Ал финалда «Астана» 1XTeam-ды жеңді. Жарыс 3х3 жүйесі бойынша «Moscow Open» халықаралық турниріне қатысуға дайындық аясында өтті. Мәскеу алаңында «көпір астында» «Астана» Inanomo (Ресей) және Krupanj (Сербия) командаларымен кездеседі. Жарыста отандық команда намысын Николай Бажин, Роберт Пан, Руслан Айтқали және Александр Оразбеков қорғайды.