Комплаенс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорда «комплаенс-офицер» штат бірлігі енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық және комплаенс-офицер туралы Ереже ішкі құжаттыры әзірленіп, бекітілді.

Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
  2. басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ақпараттық ашықтығы;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің тәуелсіздігі;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті тұрақты жетілдіру;
  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және өзге де заң бұзушылықтар жағдайларын уақтылы анықтау және болдырмау мақсатында Сіз төмендегі байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:

+7 (7172) 95 40 17

compliance@cfsport.kz

Пайдалы сілтемелер