«Астана» болгариялық «Лудогорецтен» басым түсті

UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында «Астана» «Лудогорец» (Болгария) клубын жеңді.

Бірінші таймда алдымен қонақтар есеп ашты. Қарсылас сапынан Ноа Сундберг көзге түсті. Үзіліске дейін стандарттан гол соққан елорда қорғаушысы Жарко Томашевич есепті теңестірді.

Екінші кезеңде тағы бір қорғаушы Александр Марочкин «Астанаға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1.

Қарымта кездесу 15 тамызда өтеді.

«Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі.

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) – 2:1

Голдар: Сонко-Сундберг, 35 (0:1). Томашевич, 41 (1:1). Марочкин, 53 (2:1).