«Астана» КБК академиясының жаңа залының тұсаукесері өтті

«Астана» кәсіби баскетбол клубының балалар мен жасөспірімдер академиясының тұсаукесері өтті.

Ашылу салтанатына SportQory Бас директоры Асхат Сейсембек, «Астана» баскетбол клубы бас директоры және FIBA Техникалық Делегаты Самсон Аракелян, Баскетбол федерациясының Президенті Абай Алпамысов қатысты.  Аталмыш іс-шараға «Астана» негізгі құрамының баскетболшылары: Руслан Айтқали, Асқар Майдекин, Константин Нефф, Даниил Аксенов және Андрей Литвиненко қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, академия елорданың оң жағалауында орналасқан. Бұл жерде «Астана» фарм-командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Сондай-ақ, елорда баскетбол академиясының шәкірттері күнделікті жаттығу жұмыстарын жасайтын болады.

title