«Астана» баскетбол клубы Медиакүнін өткізді

«Астана» баскетбол клубы Медиакүнін өткізді. Оған негізгі команданың, «Астана Академиясының» және «Астана жастары» командасының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы қатысты.

Клуб жаңа маусымға арналған жаңа ойын формасын ұсынды. Команда алдағы жоспарлар туралы айтып, ойын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымын Санкт-Петербургтің «Зенитімен» үй ойындары сериясын бастайды.

 

 

title