«Астана» Чемпиондар Лигасының екінші кезеңіне шықты

«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Динамоға» қарсы сырт алаңдағы қарымта кездесуде 1:2 есебімен жеңіске жетті. Ойында елорда командасы сапынан команда капитаны Абзал Бейсебеков, және Дембо Дарбо гол соқты.

Елорда командасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы загребтік «Динамо».

Сырт алаңдағы ойында отандық командаға 150-ден астам жанкүйер қолдау көрсетті.