Кәсіби клубтардағы жаңалықтар

«АСТАНА» ФУТБОЛ КЛУБЫ

«Астана» футбол клубы Ұлттық құрама командалар ойындарына байланысты үзілістен кейін, елордада қайта жиналып, «Астана Арена» стадионында УЕФА Конференциялар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы загребтік «Динамоға» қарсы кездесуге дайындықтарын бастады. Осы жылдағы өз алаңында өткізетін соңғы кездесу 30 қараша, сағат 21:30-ға жоспарланған.

ASTANA QAZAQSTAN TEAM

Astana Qazaqstan Team велокомандасында маусым аралық үзіліс кезеңі жалғасуда. Команда бірқатар ойыншылармен еңбек келісімшарттарын ұзартып, жаңа ойыншыларды қатарына қосып үлгерді. Олардың қатарында отандық велошабандоздар Вадим Пронский, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Антон Кузьмин, Даниил Марухин бар. Сондай-ақ, команда құрамы Микеле Гадзоли (Италия), Сантяго Умба (Колумбия) және Рюдигер Зелиг (Германия) сияқты жаңа шабандоздармен толықты.  Сонымен қатар, өткен «Тур де Франс» кезінде Astana Qazaqstan Team командасымен спринт бойынша кеңесші ретінде ынтымақтастық орнатқан бұрынғы кәсіби австралиялық шабандоз Марк Реншоу 2024 жылғы маусымда қазақстандық жобаға спорт директоры ретінде қосылады.

«АСТАНА» БАСКЕТБОЛ КЛУБЫ

Елорда баскетболшылары бүгін сырт алаңда Астана уақытымен 18:30-да «Енисей» командасына қарсы ойнайды. Айта кетейік, Олег Киселев шәкірттері Біріңғай БТБ Лигасы аясындағы соңғы үш кездесуде жеңіске жеткен болатын. Ал Ұлттық Лигадағы кезекті үй сериясы аясындағы ойындарын өткізген «Астана академиясы» ойыншылары «Алматы Легионын» екі рет жеңді. Есеп 85:73 және 79:67Михаил Лоншаковтың командасы негізінен қазақстандық жас ойыншылардан құралған.

«БАРЫС» ХОККЕЙ КЛУБЫ

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» Нижний Новгород қаласында «Торпедо» командасына қарсы кездесу өткізді. Ғалым Мамбеталиев шәкірттері алғашқы кезеңді тең аяқтағанымен, алаң иелері екінші кезеңде Андрей Шутовтың қақпасына 3 жауапсыз шайба соқты. Соңғы жиырма минутта Рудольф Червени тек айырмашылықты қысқарта алды. Қорытынды есеп - 4:2. «Барыс» ертең, яғни, 23 қарашада елордада Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» ұжымын қабылдайды.

title