«Барыс» Линден Веймен келісімшартқа отырды

«Барыс» хоккей клубы Линден Веймен жаңа келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептелген (2023 жылғы 30 сәуірге дейін). 30 жастағы хоккейші өткен маусым барысында «Барысқа» оралып, ҚХЛ тұрақты чемпионатында 20 кездесу өткізді. Осы уақыт ішінде Вей 12 (6+6) ұпай жинады, ал плей-офф кезеңінде өткізген 5 ойында өз активіне 3 нәтижелі пас жазды. Осылайша, алдағы маусым Линден үшін «Барыс» сапындағы үшінші маусым болмақ.

title