Кәсіби клубтардағы соңғы жаңалықтар

«Астана» футбол клубы

Қазақстан Кубогы аясындағы ойындарға байланысты бір айлық үзілістен кейін, ел чемпионаты қайта жалғасын тапты. «Астана» футбол клубы өз алаңында петропавлдық «Қызыл-Жарды» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жеңіс голын елорда командасының шабуылшысы Педро Эуженио соқты. Срджан Благоевич шәкірттері 16 турдан кейін 30 ұпай жинап, турнирлік кестеде 2-ші орында келеді. Астаналықтар келесі ойынын 27 тамыз күні сырт алаңда «Таразға» қарсы өткізеді.

«Астана» баскетбол клубы

«Астана» баскетбол клубында маусымаралық үзіліс жалғасуда. Команда жаңа маусымға дайындықты қызу жүргізіп жатыр. Елорда командасын алдағы маусымда Олег Киселев жаттықтырады. Оған Глев Плотников пен Леонид Воронушкин ассистенттік жасаса, Ринат Абитов – дене шынықтыру және оңалту бағытындағы бапкер қызметін атқаратын болады. Елорда командасы сондай-ақ, Роман Марчук, Деондре Паркс және Данил Аксенов секілді баскетболшылармен келісімшарт жасап үлгерді.

«Барыс» хоккей клубы

«Барыс» - Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының жеті дүркін жеңімпазы атанды. Елорда хоккейшілерді «Металург» ұжымына қарсы қорытынды кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Турнир қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетінің шешімімен Никита Бояркин ("Барыс") - үздік қақпашы атанса, Егор Яковлев ("Металлург") - үздік қорғаушы, Филипп Майе ("Металлург") - үздік шабуылшы атанды. Сондай-ақ, «Барыс» хоккей клубы жаңа логотипінің таныстырылымын жасады. Жаңа әрі заманауи логотип клубтың түпнұсқалығын ерекше айқындап тұр.

 «Astana Qazaqstan Team»

Astana Qazaqstan Team велокомандасы кеше, яғни 21 тамыз күні Гамбургте «БЕМЕР Сиклассикс» көпкүндігінде  жарыс жолына шықты. Неміс жерінде басталған додада ел намысын Леонардо Бассо (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Евгений Гидич (Казахстан), Давиде Мартинелли (Италия), Дмитрий Груздев (Казахстан), Антонио Нибали (Италия) және Кристиан Скарони (Италия) қорғайды.

title