КӘСІБИ КЛУБТАРДЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«Астана» КБК
«Астана» баскетбол клубы алғашқы рет өз ойынын Алматыда өткізді. 27 наурыздан бастап елордалық команда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының паркетінде ойнайды. Өткен жексенбіде алматылық жанкүйерлер ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты аясындағы "Зенитке» қарсы кездесуді тамашалады. 2079 көрермен жиналған ойын қорытындысы бойынша «Астана» петерборлық командаға 60:94 есебімен жол берді. Келесі ойындар сәуір айында өтеді.
«Астана» ФК
«Астана» футбол клубы нидерландиялық шабуылшы Райем Влутпен келісімшартқа қол қойды. Спортшы өз мансабында нидерландиялық PSV құрамында бастап, ал кейіннен «Эйндховен», «Камбюр» және «НАК Бреда» сияқты командалардың намысын қорғаған. 26 жастағы футболшының соңғы клубы голландиялық «Хераклес». Влут кәсіби деңгейде 250-ден астам ойын өткізіп, 84 гол соғып, 29 нәтижелі пас берген.
«Барыс» ХК
«Барыс» жастар командасы Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленді. Финалдық үшінші ойында «Барыс» оралдық «Ястребовқа» қарсы ойнап, Александр Березенскийдің шәкірттері 7:3 есебімен жеңіске жетті. Елорда хоккей клубының жастар командасы ел біріншілігінде үшінші маусым қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр.