Кәсіби клубтардың басты жаңалықтары

«Астана» ФК

«Астана» футбол клубы футболдан OlimpBet Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында «Астана Арена» стадионында жамбылдық «Таразды» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 22 минутында елорда командасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг есеп ашқанымен, жамбылдықтар араға үш минут салып таразы басын теңестіріп кетті. Кездесу тағдырын ойынның 67-ші минутында соғылған автогол шешіп кетті. Осылайша, Срджан Благоевич шәкірттері алғашқы турлардағы сәтсіздіктерді артқа тастап, үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Команда турнирлік кестеде 5-ші орынға тұрақтады.

«Астана» КБК

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысы мәскеулік ЦСКА командасына қарсы кездесуін Алматыда өткізді. Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен ойынға 2557 жанкүйерлер жиналды. Елордадан келген ұжым жергілікті жанкүйерлерді қуанту үшін барын салғанымен, 48:96 есебімен жол берді. Айта кетейік, «Астана» келесі кездесуін 13 сәуірде Алматыда «Пармаға» қарсы өткізеді. Ойын 19:30-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Сондай-ақ, жанкүйерлер аталмыш кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Astana Qazaqstan Team

Astana Qazaqstan Team велокомандасы кеше, яғни 10 сәуір күні Нидерландыда өтетін AMSTEL GOLD РЕЙСІ әлемдік турының классикалық жарысына аттанды. Бұл көпкүндікте команда намысын Самуэль Баттистелла, Мануэле Боаро, Леонардо Бассо, Валерио Конти, Дмитрий Груздев, Евгений Федоров және Александр Рябушенко қорғайды. Сондай-ақ, Astana Qazaqstan Team командасы 10-17 сәуір аралығында өтетін «Түркия Президенттік туры» көпкүндік жарысына қатысады. Онда команда намысын Глеб Брусенский (Қазақстан), Евгений Гидич (Қазақстан), Нұрберген Нұрлыхасым (Қазақстан), Николя Винокуров (Қазақстан, континенттік команда), Матис Калвершс (Латвия, континенттік команда) қорғайтын болады. 

«Барыс» ХК

2022 жылдың 11-17 сәуір аралығында Словакияның Пьештян қаласында бірінші дивизионның А тобында хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы сапына «Барыс» хоккей клубының 21 ойыншысы шақырту алды. Қақпашылар: Владимир Никитин, Дәрмен Ғабдуллин, Артем Шестаков, Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Дмитрий Бреус, Никита Селезнев, Семен Риев, Аслан Жүсіпбеков,  Шабуылшылар: Роман Ермак, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Даниил Свинталь, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Илья Шапоров, әділ Бейсембаев, Темірлан Китаров, Денис Леута, Александр Фокин. 

title