Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды
Бүгін, яғни 18 мамыр «Футбол үйінде» 2022 жылғы маусымның Қазақстан OLIMPBET-Кубогының топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе тастау рәсіміне Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян қатысты. Нәтижесінде, «Астана» футбол клубы «D» тобына жайғасты. Елорда командасы «Шахтер», «Тұран» және «Жетісу» командаларымен бір топта өнер көрсететін болады.
Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің ойындары 6 шілде мен 14 тамыз аралығында өтеді. Айта кетейік, «Астана» футбол клубы Қазақстан Кубогын 3 мәрте (2010, 2012, 2016 жылдары) иеленген.