«Астана» жартылай финалда!

«Астана» баскетбол клубы Батыс Азия Суперлигасы сегіздігінің топтық кезеңін бірінші орынмен аяқтады. Елорда командасы топтағы үш кездесуде де жеңіске жетті.

Олег Киселев шәкірттері бірінші кездесуде «Шабаб Аль-Ахли» ұжымын 80:73 есебімен тізе бүктірсе, екінші ойында «Шахрдари Горган» командасын 87:81 есебімен жеңді. Ал топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Сегіздік финалының басты фавориттерінің бірі, осы турнир алдында ФИБА жариялаған рейтинг бойынша көш басында тұрған «Кувейтке» қарсы ойнап, 85:72 есебімен отандық баскетболшылар басым түсті.

Енді жерлестеріміз жартылай финалда А тобында екінші орын алған «Әл-Манамаға» қарсы ойнайды. Ойын 16 маусым, Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған. Ойынды QazSport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

title