«Астана» сырт алаңда жеңіске жетті
«Астана» футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 13-ші туры аясында сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойында елорда командасы сапынан Назми Грипши 84 минутында 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, Григорий Бабабян шәкірттері турнирлік кестеде 33 ұпай жинап, көш бастады.
