«Астана» жаңа маусым алдында Медиа күнін өткізді

2025 жылдың 27 тамызында «Астана» баскетбол клубы команданың 2025/2026 жылғы маусым алды дәстүрлі Медиа-күнін өткізді.

Шара аясында ойыншылардың фотосессиясы өтіп, баскетболшылар жеке және командалық түсірілімдерге, клуб медиасы үшін қажетті материалдар дайындауға қатысты.

Медиа күнге еліміздің жетекші спорттық бұқаралық ақпарат құралдары – Qazsport, Sport Plus Qazaqstan және «Хабар»  телеарналары қатысып, баскетболшылармен және бапкерлер құрамымен тілдесуге мүмкіндік алды. «Астана» ойыншылары жаңа маусымға дайындық барысымен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

«Астана» КБК жаңа маусымда Қазақстан Ұлттық Лигасы мен Батыс-Азия Суперлигасында (FIBA WASL), ал «Астана-Жастар» ВТБ Бірыңғай жастар лигасында өнер көрсетеді.