Арктикалық Норвегия жарысы. Томас Сильва патшалық кезеңде жеңіске жетті

XDS Astana Team командасының шабандозы Томас Сильва «Арктикалық Норвегия жарысының» патшалықкезеңі саналған үшінші кезеңде жеңіске жетті. Кезеңнің басым бөлігі аса күрделі болмағанымен, мәресі орташаеңістігі 11%-ды құрайтын ұзындығы 3,5 шақырымдық ауыр өрмен аяқталды.

Фавориттер тобынан бірнеше мәрте үдеулер жасалғанына қарамастан, жарыстың тағдыры тек соңғы шақырымдашешілді. Леннерт Ван Этвельдтің шабуылынан кейін Томас Сильва мәреге 300 метр қалғанда қарымта шабуылжасап, сенімді түрде кезеңде жеңіске жетті және норвегиялық көпкүндіктің жалпы классификациясында көшбастады.

Фото: Thomas Maheux/ASO