ДЖИРО Д’ИТАЛИЯ: Марк Кавендиш Римдегі соңғы кезеңді жеңіп алды

Astana Qazaqstan Team командасының шабандозы Марк Кавендиш Римнің тарихи орталығында аяқталған «Джиро д'Италия» көпкүндік жарысының соңғыяғни 21-ші кезеңінде жеңіске жетті.

Кавендиш жаппай спринтте жеңіске жетіпитальяндық Гранд-тур кезеңдерінде өзінің 17-ші жеңісін тойлады.

Айта кетейік, «Джиро д' Италия» - бұл Италия жолдарымен өтетін көп күндік веложарыс. «Тур де Франс» және «Вуэльта» сияқты әлемдегі ең үлкен үштіктің бірі. 2008 және 2013 жылдары жарыста «Астана» шабандоздары Альберто Контадор және Винченцо Нибали жеңіске жеткен болатын.