«Астана Жас» – Екінші Лига чемпионы!

«Астана Жас» футболдан Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс аймағында мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Елордалық команда чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда, турнир кестесінің көшін бастап, қарсыластарына қол жетпестей басымдық жасау арқылы мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Келесі маусымда «Астана Жас» еліміздің Бірінші Лигасында өз бақтарын сынайтын болады.

title