«Барыс» БЖСМ 10 жаста

Биыл «Барыс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 10 жыл толды. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Барыс» БЖСМ командалары барлық жас ерекшеліктері бойынша алтын медаль жеңіп алды. Маусым қорытындысы бойынша олар Қазақстандағы ең үздік мектеп деп танылды.

Айтулы күнге және маусымның жабылуына орай «Барыс-Аренада» салтанатты іс-шара өтті. Жабылу салтанатына клубтың жанкүйерлері мен болашақ хоккейшілердің ата-аналары жиналды. Мектеп тәрбиеленушілері мен түлектеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командаларының жетекшісі Александр Корешков, «Барыс» президенті Борис Иванищев, «Барыс» вице-президенті Болат Қарабалин, балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық хоккейді дамыту жөніндегі директор КФХ Рустам Ибраев және «Барыс» БЖСМ директоры Руслан Нұрмұхамедов құрмет көрсетті. Жас балаларды «Барыс» және Қазақстан құрамасының ойыншылары Әлихан Әсетов, Антон Сағадеев және Аркадий Шестаков құттықтады.

Шоу-бағдарлама аясында мұз айдынында танымал мәнерлеп сырғанаушы Дильназ Баяндина, FRESH және Boris-Beat тобы, Barys STARS қолдау тобы өнер көрсетті. Балалар көңілін компьютерлік ойындар, мультфильмдер мен кино кейіпкерлері келіп көтерді. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін болашақ хоккейшілер БЖСМ кіре берісіне ағаш отырғызды.

title