Кәсіби клубтардағы соңғы жаңалықтар

«Астана» ФК

«Астана» футбол клубы OlimpBet футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында сырт алаңда «Атырауға» қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Ойында алаң иелері алғаш болып есеп ашса, кездесудің соңғы минуттарында қосалқы құрамнан алаңға шыққан жас футболшы Станислав Басманов есепті теңестірді. Осылайша, Срджан Благоевич шәкірттері турнирлік кестеде екінші орынды сақтап қалды. Команда осы ойыннан кейін, Ұлттық құрама командалардың ойындарына байланысты бір айлық үзіліске кетті.

 «Астана» КБК

27-28 мамырда «Street Basket Russia» көше баскетбол қауымдастығы 15-ші рет Мәскеуде 3х3 «Moscow Open» 2022 халықаралық кубогын өткізеді, онда «Астана» баскетбол клубының командасы алғаш рет бақ сынайтын болады. «Moscow Open» 2022 кубогы алдында елорда командасы 24 мамыр күні Алматы қаласында «Forum Hoops 3x3» көше алаңында өтетін жабық турнирде ойындар сериясын өткізеді. «Астана» командасының аталмыш жарыстарға арналған құрамы жақын арада жарияланатын болады.

 «Барыс» ХК

«Барыс» хоккей клубында маусымаралық үзіліс кезеңі жалғасуда. Бірнеше күн бұрын Қазақстан астанасына хоккейден ең мықты паралимпиадалық құрамалардың бірі, 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Словакия келді. Кездесу хоккей федерацияларының ынтымақтастығы аясында әлем чемпионатына біліктілік турнирлерінің басталуы қарсаңында өтуде. Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет кәсіби дивизиондардың біріне таласуды жоспарлап отыр. Алдын ала сабақтар «Тарлан» мұз сарайында өтті. 22 мамырда «Барыс» хоккей клубы мен «Қазақстан парахоккей федерациясы» РҚБ ынтымақтастығы аясында «Барыс-Аренада» кезекті жаттығу, сондай-ақ екі жақты ойын өтті.

Astana Qazaqstan Team

Әлемдік гранд-тур «Джиро д' Италия» командасының көшбасшысы Винченцо Нибали таңғаларлық күн өткізіп, жалпы есептегі фавориттердің шағын тобының құрамында төртінші болып мәреге жетті. Ол кезең жеңімпазы Саймон Йейтстен бірнеше секундқа ғана артта қалып кетті.

title