XDS Astana Team шабандозы Джиро делл’Аппеннино жарысында жеңіске жетті

XDS Astana Team шабандозы Диего Улисси Италиядағы біркүндік жарыс — Джиро делл’Аппеннино жарысында жеңіске жетіп, бұл команда сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Команданың тағы бір өкілі — Симоне Веласко үшінші болып мәре сызығын кесті.

Жарыс Нови-Лигуреден басталып, 198,5 шақырымнан кейін Генуяда аяқталды. Улисси мәреге 50 шақырым қалғанда жеке өзі шабуыл жасап, алға шығып, осы артықшылықты соңына дейін сақтап қалды.

Фото:@SprintCycling, Getty Images

title