Джиро д’Италия: Давиде Баллерини Неапольде жеңіске жетті
XDS Astana Team командасының шабандозы Давиде Баллерини «Джиро д’Италияның» алтыншы кезеңі мәресіне жеткен Неаполь көшелерінде жеңіске жетті. Баллерини соңғы бұрылысқа жақсы позициямен кіріп, мәреге 250 метр қалғанда спринтті бастап, көшбасшылықты мәреге дейін сақтап қалды.
Соңғы бұрылыста жаңбырдан тайғақ болған брусчаткада Баллеринидің сол жағында жаппай құлау орын алды, оның ішінде XDS Astana Team спринтері Маттео Малучелли де болды. Бақытымызға орай, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ.
XDS Astana Team үшін бұл биылғы «Джиродағы» екінші кезеңдік жеңіс болды — бұған дейін Томас Сильва екінші кезеңде жеңіске жетіп, екі күн бойы қызғылт жейде киген еді.
Алты кезеңнен кейін Кристиан Скарони жалпы классификацияда 3-орында келеді, ал XDS Astana Team командалық есепте көш бастап тұр.
Фото: SprintCycling

