Марк Кавендиш «Джиро Д' Италия» жарысының 11 кезеңінде үшінші орынға табан тіреді

«Джиро Д' Италия» көпкүндік веложарысының 11-ші кезеңі өз мәресіне жетті. «Астана» велокомандасы сапында Марк Кавендиш мәре сызығын үшінші болып кесті.

Кезеңнің ұзақтығы 219 шақырымды құрады. Оның жеңімпазы Паскаль Аккерман (UAE Team Emirates) болды. Екінші орынды Джонатан Милан (Бахрейн-Жеңіс) иеленді.

Айта кетейік, жалпы классификацияда Томас Герейнт (INEOS Grenadiers) көш бастап тұр.