Astana Qazaqstan велокомандасы Giro d'Italia 2024 жарысына қатысатын топ құрамын жариялады
Ертең велоспорт әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі 2024 жылғы Джиро д’Италия басталады! 4-26 мамыр аралығында әлемнің үздік велошабандоздары Джиро д’Италия чемпионы атағын сарапқа салады. Ал Astana Qazaqstan Team құрамы итальяндық жолдарды бағындыруға дайын.
Джиро д'Италия 2024 сандармен сипаттауға болады: 21 кезең, ұзындығы 3400,8 шақырым. Спортшылар Венария Реаледен бастап, Римде мәреге жетеді.
Astana Qazaqstan велокомандасы 2024 жылғы Giro d'Italia жарысына қатысатын топ құрамын жариялады. Оның құрамында Алексей Луценко, Лоренцо Фортунато, Вадим Пронский, Симоне Веласко, Давиде Баллерин, Макс Кантер, Хенок Мулубырхан және Кристиан Скарони сияқты дарынды шабандоздар болады.