«Барыс» хоккей клубының жаңа маусым алдындағы таныстырылымы өтті
30 тамыз күні Астанадағы ЭКСПО-ның жазғы сахнасында «Барыс» хоккей клубының жаңа маусым алдындағы таныстырылымы өтті.
Шара жас буынды таныстырудан басталды – «Барыс» БЖСМ-нің 600-ге жуық тәрбиеленушісі мен «Барыс» және «Снежные Барсы» жастар командаларының өкілдері сахна төріне көтерілді. Кейін көрермен «Томирис» пен «Номад» құрамдарының жаңарған ойыншыларымен танысты.
Кештің басты оқиғасы «Барыс» клубының жаңа ойыншыларына жейделерді табыстау болды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сондай-ақ клуб менеджменті атынан Алексей Мамонтов пен Амангелді Әміров қатысты.


