«Барыстың» қорғаушысы Адиль Бекетаев өзінің отадан кейінгі қалпына келуі жайлы

«Барыстың» қорғаушысы Адиль Бекетаев өзінің отадан кейінгі қалпына келуі жайлы

- Әлем чемпионатынан кейін ота жасаттын. Қалпына келу барысы қалай өтіп жатыр?

- Ота сәтті өтті, наркоздан жеңіл шықтым. Алты апта бандажбен жүріп, қолымды мүлде мазаламау қажет болды, тіпті түнде де бандажбен ұйықтадым. Қазір ақырындап қолыммен жұмыс істей бастадым. Мен дәрігерлер мен бапкерлердің жоспары бойынша жүріп жатырмын. Бәрін жоспарлы жасауға тиіспін.

- Алға жүрігмей-ақ қойайық, дегенмен жалпы топқа қашан қосыламын деп ойлайсың?

- Болжам айту өте қиын. Менің көп бұлшықет жоғалттым, әзірше барлығын қалпына келтіру қажет. Мұзға тамыздың соңында шығып көремін. Алайда, бұл үлкен күш-қуат қажет етпейтін сырғанау ғана болады. Өкінішке қарай, толыққанды ойынға қазан айынан ерте оралмаймын.

- «Барыстан» жаңа маусымынан не күтеміз?

- Өткен маусымның нәтижесін биыл көрсетуге болмайтынын барлығы біледі. Жақсы команда жиналып жатыр. Бұл тәжірибелі легионерлер мен ақырындап жаңа деңгейге шығып жатқан біздің жігіттердің үйлесімі болады. Әр ойыншының өз дәлелдейтіні бар. Толық сұхбат hcbarys.kz сайтында