«Астана» футбол клубы жаңа ойыншыны өз қатарына қосты

«Астана» футбол клубы жаңа ойыншымен келісімшартқа қол қойды. Ол Қазақстан құрамасының футболшысы Тимур Досмағамбетов. Көкшетау футбол мектебінің тәрбиеленушісі осы маусымды қарағандылық «Шахтер» сапында бастап, 14 матч өткізіп, 5 гол соқты. Досмағамбетов елорда командасы сапында 27 номерімен өнер көрсетеді.

title