Алексей Луценко Circuito de Getxo жарысының жеңімпазы атанды

Кеше Astana Qazaqstan Team велошабандозы Алексей Луценко Испанияда өткен Circuito de Getxo жарысының жеңімпазы атанды.

 

Қазақстандық спортшы 193,3 шақырымдық қашықтықты 4:19:11 жүріп өтті. Екінші болып 24 секундтан кейін мәреге француз Тони Галлопен келді. Үздік үштікті Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір шабандозы Симоне Веласко түйіндеді (+0:33).

title