Джиро д’Италия. Xds Astana Team шабандоздарының қос жеңісі
Джиро д ‘Италияның гранд-турының соңғы аптасының он алтыншы кезеңінде Xds Astana Team командасының қос шабандозы жеңіс тұғырынан көрінді. Кристиан Скарони кезең жеңімпазы атанса, тау сынағының көшбасшысы Лоренцо Фортунато екінші орын иеленді.
Сан-Валентинодағы мәре кезеңі қазіргі «Джироның» нағыз шынайы таулы кезеңдерінің бірі болды. Шабандоздар 203 км қашықтықта төрт үлкен өрмелеуді, соның ішінде 18 шақырымдық таулы қырат кезеңін бағындырды.
Фортунато осы кезеңде барлық тау сынағында жақсы нәтиже көрсетіп, өзінің көшбасшылығын тағы да нығайта түсті. Осылайша, Xds Astana Team командасының екі шабандозы барлық қарсыластарын артқа тастап, мәреге қатар жетіп, керемет екі жетістікке қол жеткізді.
Фото: ©SprintCycling