«Барыс» жастар командасы Қазақстан жастар чемпионатының жеңімпазы атанды

Астанада Jastar Hokei Ligasy плей-оффының төртінші және қорытынды жекпе-жегі өтті. «Барыс» жастар командасы атыраулық «Жас Батыр» командасын 4:0 есебімен ұтып, бесінші рет қатарынан Қазақстан жастар чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Сонымен қатар Өскеменде «Мықтылар» тобында 2009 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының төртінші туры өтті. Чемпионаттың марапаттары үшін күреске сегіз команда қатысты. «Барыс-2009» чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды. Одан әрі көшбасшылар үштігіне Өскемендік «Торпедо» мен Қарағандылық «Юность» кірді.