«Астана» Қазақстан Кубогының он дүркін жеңімпазы!

Атырауда 6-11 ақпан аралығында баскетболдан ерлер командалары арасында 2023 жылғы Қазақстан Кубогы сарапқа түсті.

«Астана» баскетбол клубы Қазақстан Кубогы финалында алматылық IRBIS ұжымына қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде Олег Киселев шәкірттері 65:54 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

Команда капитаны Рустам Мырзағалиев турнирдің үздік ойыншысы атанды.

title