XDS Astana Team шабандозы Лоренцо Фортунато – Джиро д'Италия үздік тау шабандозы

Римде «Джиро д’Италия» 108-ші суперкүні аяқталды. XDS Astana Team командасы үшін бұл жарыс сәтті өтті: Лоренцо Фортунато ең үздік тау шабандозы есебінде жеңіске жетіп, Римдегі жеңіс тұғырында көк жейде киді.

Оның командаласы Кристиан Скарони тау классификациясында екінші орын алды. XDS Astana Team итальяндық Гранд-турдың 16-шы кезеңіндегі қос жеңісімен есте қалды: Кристиан Скарони бірінші, ал Лоренцо Фортунато екінші болды. Осы нәтижелерден басқа Xds Astana Team шабандоздарының есебінде тағы екі жүлделі орын және әртүрлі кезеңдерде топ-10-ға тоғыз рет енген нәтиже бар.

Фото: Sprint Cycling