Барыс басшылығы әр жас санатындағы БЖСМ тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесті
«Барыс Аренада» клуб басшылығы мен жаттықтырушылар алғаш рет «Барыс» БЖСМ-нің әр жас санатындағы тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жан-жақты кездесу өткізді. Ашық форматтағы диалог барысында менеджмент маусым қорытындыларын шығарып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және жаттығу үдерісіне енгізілген жаңашылдықтарды таныстырды.
2025/26 жылғы маусым мектеп үшін табысты болды. «Барыс» жастар командасы көшбасшылық орнын қайта иеленіп, өз тарихындағы алтыншы Jastar Ligasy чемпиондығын жеңіп алды. Ресейдің Жасөспірімдер хоккей лигасында өзінен бір жас үлкен қарсыластармен сынға түскен «Барыс-2009» жетінші орынға тұрақтады. Ел біріншілігінде БЖСМ-нің алты командасының бесеуі өз жас санаттарында Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ төрт ұжым Орал, Сібір және Приволж федералдық округтері біріншілігінің ең мықты «А» дивизионындағы орнын сақтап қалды.
Спорттық нәтижелерден бөлек, клуб мұз айдынындағы жаттығу көлемін арттыру мәселесін де көтерді. Қазіргі таңда Қазақстан хоккей федерациясымен бірлесіп, мектеп командалары жаттыға алатын мұз айдындарының санын көбейту бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

