«Барыс» хоккей клубының маңызды жеңісі

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресейлік «Сибирь» командасын жеңді.  

Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойыны аясында қазақстандық «Барыс» хоккейшілері Ресейден келген «Сибирь» командасымен кездесті. Матч қорытындысы бойынша, елордалық команда «Сибирьді» 4:3 есебімен жеңді.