Евгений Федоров «Фурми Гран-приінде» үшінші орынға ие болды

Қазақстандық XDS Astana Team командасының велошабандозы Евгений Федоров Францияда өткен «Фурми Гран-приінде» үшінші орынға ие болды.

Француз біркүндік жарысы Фурми қаласында 193 шақырым қашықтықта өтті. Майк Тениссен жарыстың басынан бастап алғашқы топтағы қашып шыққандардың қатарында болды, ал бұл топты негізгі пелотон мәреге бірнеше шақырым қалғанда ғана қуып жетті. Шешуші сәт жаппай спринтте орын алып, Евгений Фёдоров бар күшін салып, үшінші болып мәре сызығын кесті. 

Фото: ©SprintCycling