Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте Сібірге қарсы өз алаңындағы ойынмен бастайды
ҚХЛ 2026–27 жылдардағы маусымның алғашқы үш ойыны туралы ақпарат жариялады. Тұрақты чемпионаттың басталуында астаналық «Барысты» өз алаңындағы ойындар сериясы күтуде. Оның аясында елордалық клуб «Сібірмен» (7 қыркүйекте), «Салават Юлаевпен» (9 қыркүйекте) және «Амурмен» (12 қыркүйекте) кездеседі.

