XDS Astana Team шабандозы «Эбре Классикасы» веложарысында екінші орын алды.

XDS Astana Team шабандозы Кристиан Скарони «Эбре Классикасы» веложарысында екінші орын алды. Италиялық шабандозы үшін бұл «Джиро д'Италиядан» кейінгі алғашқы жарыс болды.

185,8 шақырымдық испандық біркүндік веложарысы Рокетесте басталып, Тортоста аяқталды. Кристиан Скарони Диего Улиссимен бірге Исаак дель Тороның (UAE Team Emirates – XRG) артындағы қуғыншылар тобында болды. Мәреге бір шақырым қалғанда, Скарони соңғы өрмелеуде шабуылдап, мәре сызығын екінші болып кесіп өтті.

Фото: @SprintCycling