Баку–Ханкенди туры: Евгений Федоров 2-кезеңде жеңіске жетті

Азия мен Қазақстанның қазіргі чемпионы Евгений Федоров «Баку–Ханкенди турының» екіншікезеңінде жеңіске жетті. Қашықтықтың соңғы 10 шақырымында Федоров фавориттер тобынан қарсы шабуыл жасап, көшбасшы Александр Балмерді қуып жетіп, кейін оны спринтте басып озды.

Фавориттер тобы 9 секунд кейін мәреге жетті, ал XDS Astana Team командасының тағы екі шабандозы — Аарон Гейт пен Хенок Мулюбырхан үздік ондыққа кірді (тиісінше 5-ші және 7-ші орындар).

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Евгений Федоров көпкүндіктің жалпы есебінде көш бастады.

Фото: Azerbaijan Cycling Federation