«Тур Де Франс-2022». Алексей Луценко – үздік ондықтың қатарында

24 шілде күні «Тур де Франс-2022» көпкүндігі Париждің Елисей алаңындағы дәстүрлі 21-ші кезеңмен аяқталды. Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы Алексей Луценко екінші рет қатарынан жалпы есепте үздік ондыққа кірді: ол 2021 жылы 7-ші орынға ие болса, осы жылы қазақстандық шабандоз 9-шы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, отандық велоспорт үшін тағы бір маңызды жетістік – бұл Андрей Зейцтің көрнекті нәтижесі, ол Парижде өзінің 20-шы Гранд-турына қатысты.

title