Astana Qazaqstan Team: 2023 жылғы алғашқы жеңіс!

Astana Qazaqstan Team командасы 2023 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Сауд Арабиясы турының» екінші кезеңінде елорда командасының шабандозы Кейс Бол үшінші орынды иеленді. Бұл кезеңде соңғы 30 шақырымдағы желдің қатты болуы, сондай-ақ жарыс жолындағы қиындықтарға қарамастан, голландиялық шабандоз жарысты спринтпен аяқтап, нәтижелі үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, «Сауд Арабия туры» 3 ақпанға дейін жалғасады. Команда намысын бұл додада Кейс Бол, Игорь Чжан, Давиде Мартинелли, Нұрберген Нұрлықасым, Антонио Нибали, Александр Рябущенко және Артем Захаров қорғауда.