Марк Кавендиш «Тур де Франс» бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды
Astana Qazaqstan team велошабандозы Марк Кавендиш «Тур де Франс» велокөпкүндігінің бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды.
Спортшы Сен-Жан-де-Морьен Мен Сент-Вульба қалалары арасындағы 177.4 шақырымдық кезеңді 4:08:46-да уақытта жүріп өтіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл Кавендиштің Тур де Франс кезеңдеріндегі мансабындағы 35-ші жеңісі. Осылайша ол «Тур де Франс»бас классификациясының бес дүркін жеңімпазы Эдди Меркстің рекордын жаңартты.
Фото. @SprintCycling, Sebastien Nogier/Shutterstock