«Барыс» «Салават Юлаевты» ірі есеппен жеңді
«Барыс» ҚХЛ чемпионатындағы екінші кездесуінде Астанада «Салават Юлаевты» 8:6 есебімен жеңді.
Ойын Роман Старченконың «Барыс» пен Қазақстан құрамасындағы нөмірі - №10 жейдесін арена төбесіне көтеру рәсімімен басталды. Осыдан кейін шабыттанған алаң иелері алғашқы кезеңде төрт шайба соғып, басымдықты бірден өз қолдарына алды.
«Барыс» сапында Тайс Томпсон дубль жасаса, Джастин Бэйли, Чейз Приски, Мэйсон Морелли, Логан Дэй, Шайхмедденов және Ляпунов бір-бір шайбадан соқты.
Осылайша, Михаил Кравец шәкірттері маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
«Барыс» – «Салават Юлаев» 8:6 (4:1, 2:2, 2:3)
Келесі ойында астаналықтар 12 қыркүйекте «Амурды» қабылдайды.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Серіктес – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

