«Астана» - Қазақстан чемпионы

Елорда командасы OlimpBet футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында сырт алаңда қарағандылық «Шахтерді» 3:2 есебімен жеңіп, 7 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша, Григорий Бабаян шәкірттері 53 ұпай жинап алтынды иеленсе, 52 ұпай жинаған «Ақтөбе» екінші, үздік үштікті 47 ұпаймен қостанайлық «Тобыл» түйіндеді.

«Астана» шабуылшысы Педро Эуженио чемпионатта 18 гол соғып үздік сұрмерген атанды.