«Астана» баскетбол клубының маусым алдындағы дайындық бағдарламасы

«Астана» баскетбол клубының негізгі құрамының маусым алдындағы дайындық кестесі:

Алдымен Олег Киселевтің командасы «Минскімен» екі жолдастық матч өткізеді.

13-20 қыркүйек аралығында Сербияның Белградында оқу-жаттығу жиыны өтеді. Содан кейін біздің баскетболшылар Самараға барып, «Приматов Кубогына» қатысады.

«Астана» үшін ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымы 14 қазанда басталады. Елордалық клуб Санкт-Петербургтің «Зенитін» қабылдайды.