«Астана» Ұлттық Лига тұрақты чемпионатының соңғы матчында жеңіске жетті
Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы XXXIII Қазақстан чемпионатының соңғы кездесуі аясында «Астана» баскетбол клубы павлодарлық «Ertis» командасына қарсы ойнап, 82:68 есебімен басым түсті.
Кездесу барысында елорда командасы сапынан Әмірәли Сүлейменов трипл-дабл жасады. Сондай-ақ, Руслан Айтқали (23 ұпай, 6 рет допты алу), Әмірәли Сүлейменов (19 ұпай, 11 допты алу, 10 нәтижелі пас) және Илья Пестов (13 ұпай, 2 рет допты алу) үздіктер қатарынан табылды.