Қазақстан әйелдер құрамасы – 2024 жылғы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегерлері

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы соңғы турда АҚШ құрамасымен кездесіп, тартысқа толы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Алуа Нұрман жеңіске жетсе, Меруерт Камалиденова өкінішке қарай жеңіліп қалды. Осылайша, құрама команда 18 ұпай жинап, 2024 жылғы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан әйелдер құрамасы төмендегі құрамда өнер көрсетті:

Бибисара Асаубаева

Меруерт Камалиденова

Ксения Балабаева

Алуа Нұрман

Амина Қайырбекова

Жарыс қорытындысы бойынша Үндістан құрамасы 19 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының шахмат Олимпиадасындағы тұңғыш тарихи жүлдесі!

Құттықтаймыз!