Sport Qory спорт жаңалықтары

Sport Qory спорт жаңалықтары

Ұлттық семсерлесу федерациясы

24-26 ақпан аралығында Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогы өтті. Екінші күнгі жекелей сында қазақстандық Руслан Құрбанов қола жүлдеге ие болды. Жартылай финалда тоқтап, Әлем чемпионатының жеңімпазы жапониялық Кано Кокиге 15:10 есебімен есе жіберді.

Ұлттық баскетбол федерациясы 

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысуын сырт алаңда Австралия құрамасына қарсы ойында жеңіліспен аяқтады. Осылайша, «Дала қасқырлары» топта 5-ші орынға шығып, Әлем чемпионатына жолдаманы ала алмады.

 

Қазақстандық спорттық ату федерациясы

Ақпанның 21 мен 2 наурыз аралығында Кувейте өтіп жатқан саз атудан Азия Кубогы және МТ «KUWAIT GRAND PRIX»-де skeet-тен ұлттық құрама өз өнерін 13 медаль, оның ішінде 6 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алумен аяқтады.

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан құрамасы Саха Республикасының командасын 11-0 есебімен жеңді. Енді Георгий Верещагин баптайтын спортшылар Кузбасс аймағының командасымен плей-оффта ойнайтын болады.

Қазақстан бокс федерациясы

Оразбек Асылқұлов Странджа-2023 Кубогының күміс жүлдегері атанды. Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа 74-ші халықаралық кубогының финалдық кездесуінде Оразбек Асылқұлов (57 келі) жергелікті боксшы Хавиер Диазқа есе жіберді (1:4).

Астана триатлон федерациясы 

26 ақпан күні Астанада QYSQY TRIATLON жарысы өтті. Жарыс үш кезеңнен тұрды: 2,5 шақырымдық жүгіру, веложарыс және шаңғы тебу. Шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасынан 150 адам қатысты.

"Қайрат" футзал клубы

АФК «Қайрат» Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінің мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Қазақстан кезекті чемпионатының аяқталуына алты матч қалғанда АФК «Қайрат» 88 ұпай жинап, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

«Азия балалары» ойындарының ашылу салтанаты

 

23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Кузбасста «Азия балалары» II қысқы халықаралық спорт ойындары өтуде. Жалпы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, шаңғы жарысы, фристайл, конькимен жүгіру, керлинг, сноуборд, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты 10 спорт түрінен барлығы 57 медаль жиынтығы ойналады деп жоспарлануда.