Демалыс күндердегі қазақстандық спортшылардың жетістіктері

Қазақстан конькишілер одағы 

Қазақстандық конькишілер "Азия балалары” қысқы ойындарында екі медаль жеңіп алды. Ұлдар арасындағы командалық спринтте Михаил Бровко, Михаил Матрюхин және Денис Мезенцев күміс медаль еншіледі. Варвара Глухова жаппай стартта чемпион атанып, алтын жүлде жеңіп алды.

 

Қазақстанның велоспорт федерациясы 

Туркияда өтіп жатқан Grand Prix Alanya Cup жарысында қазақстандық спортшыларкеремет нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында Ақпейіл Өсім алтын жүлде ұтып алса, Рината Сұлтанова екінші орынды иеленді. Жасөспірімдер арасында Елизавета Склярова чемпион атанып, Аружан Рақымжан мәреге екінші болып жетті.

 

Аталмыш додада қазақстандық жасөспірімдер Вадим Белугин бірінші, Михаил Подлужный екінші, Владислав Башлыков үшінші орын алды. Алик Батырхан мен Мансұр Бейсембай да үздік бестікті түйіндеді.