1-5 қазан шорт-тректен ҚР іріктеу чемпионаты өтеді

Sport qory қолдауымен Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде 1-5 қазан аралығында шорт-тректен Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты өтеді. Аталмыш додада еліміздің 10 облысынан 117 спортшы бақ сынамақшы.

Биылғы жылы отандық конькишілер World Tour сериясының жарыстарында, сонымен қатар 4 құрлық чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада, Қысқы Азия ойындары және әлем чемпионаты секілді маңызды додаларда бақ сынамақ. Бұл жарыстарда өнер көрсету үшін спортшылар Астана төріндегі Қазақстан чемпионатынан сүрінбей өтуі қажет.

Іріктеуден әр қашықтықта жеңімпаз атанған спортшылар, сондай-ақ, үздік уақыт көрсеткен қатысушылар өтеді.

Чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.